Телеграм ботқа бізбен келісім-шартқа отырған мекемеге қарасты қолданушылар мәліметі болғандықтан сол адамдар еш кедергісіз телеграм ботында тіркелу процесінен өз бетінше өту функциясын қосып отырмыз.
Ол үшін телеграм ботта /tirkelu пәрменін орындау арқылы іске асады.
Өзіңіздің ЖСН теріп жіберу.
Бот сұраныс бойынша деректемедегі мәліметтер бойынша жауап береді.
Тіркелу процесі сәтті өткен соң, /profil (⚙️ профиль) пәрмені арқылы өзіңіздің мәліметіңізді тексеріп, дұрыс-бұрыстығын көре аласыз.
Яғни, Сіз болашақта ешқандай компьютерде немесе телефонда Е-Өтініш сайтына кірмей, көптеген іс-әрекеттерді енді телеграм бот арқылы істей алатын болдыңыз. Құттықтаймыз!!!
Есте болсын!
Бұл пәрмен (команда) тек бот әкімгері мен ақылы тариф жазылымдағы қолданушыларына ғана тән.