
Е-Өтініш боттағы жаңа функция (Параметрлер)
Телеграм ботқа бізбен келісім-шартқа отырған мекемеге қарасты қолданушылар өзіне қатысты мәліметтерді өз бетінше көру функциясын қосып отырмыз.
Ол үшін телеграм ботта /parametrleri пәрменін орындау арқылы іске асады.
Бот сұраныс бойынша деректемедегі мәліметтер бойынша жауап береді.
Мынандай мәліметтерге қол жеткізе аласыз:
- Өзіңіздің жеке ID нөмір
- Аты-жөніңіз
- ЖСН нөмір
- Кілт-сөз (пароль)
- Жұмыс орныңыз
- Лауазымыңыз
- Телефоныңыз
- Электронды поштаңыз
- Соңғы кірген кезіңіз
- Тариф мерзімі
Яғни, Сіз болашақта ешқандай компьютерде немесе телефонда Е-Өтініш сайтына кірмей, ең маңызды мәліметтерді (жүйедегі актуальды кілт-сөзіңізді (парольды) және боттағы тариф мерзімін) біле аласыз.
Болашақта әрдайым пароліңізді бот өзгертіп отырады (ақпараттық жүйеге қатысты қауіпсіздік ережеге сәйкес) және Сіз кез-келген уақытта оны біле аласыз.