
Материал соңғы жаңартылған кез: 08:03 | 31.03.2025
Авторы: bot.urjar.kz
ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!!!
Сіз Е-Өтініш ақпараттық жүйеде әкімшілік қызметкерлерге арналған есепжазбасы (учетка) бар қолданушы болып табылуыңыз керек.
1. Телеграм мессенджерден@eotinishgovkzbot ботын табу керек
2. Старт батырмасын басу (егер ботқа бұрын соңды кірмеген болсаңыз)
3. Логин мен пароль арқылы кіру пернесіне өту
4. Логин мен пароль мәліметті енгізу (Бұл мәлімет сіздің Е-Өтініштегі есепжазба мәліметпен сәйкес келуі керек)
Логин — ол сіздің Жеке сәйкестендіру нөміріңіз, яғни ЖСН
Пароль — Е-Өтініштегі сіздің пароліңіз.
5. Қорытындыда Е-Өтініште есепжазбасы арқылы телеграм ботта да авторизациядан өтіп, боттың барлық мүмкіндіктерін қолдана аласыз.
Оның ішінде маңыздылары:
1] Парольдарды бақылауда ұстау, жаңарту
2] Әріптестер туралы мәліметтер алу (Аты-жөні, ЖСН, паролі, телефон, электрондық пошта)
3] Мекемеге түскен өтініштер статусы бойынша әртүрлі хабарламалар түсуі (әрдайым статустарына мониторинг жасайды)
4] Өтініш бойынша толық мәлімет алу. (Кімнен, қашан түскен, салынған файлдар, қандай статуста, орындалу тізбесі, қандай жауап берілгені туралы)
5] Әртүрлі есептерді құрастыру (Ф2ГО, салыстыру акті т.с.с.)