Сұрақ-жауап айдары

СҰРАҚ: ЕУОЛ кодты қайдан алуға болады? (Код еуол где взять?)

ЖАУАП: Мекемені «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» (НАО «Государственная корпорация» «Правительство для граждан») Е-Өтінішке тіркеген кезде ЕУОЛ кодты мекеме профиліне енгізеді.


СҰРАҚ: УЦГО деген не?

ЖАУАП:  УЦГО – Удостоверяющий центр государственных органов – мемлекеттік мекемелерге арналған Электрондық сандық кілттерді (ЭЦП) жасау орталығы. Бұл орталық шығарған кілттерді Е-Өтініш, ОДО/ЕСЭДО және т.б. ақпараттық жүйелерде қолданылады.  Әдетте мұндай кілттер тек токендерде ғана сақталады (казтокен, етокен, jacarta)


СҰРАҚ: ЕТС ГО деген не?

ЖАУАП: ЕТС ГО – Единая транспортная сеть государственных органов – Мемлекеттік мекемелердің Бірыңғай көлік желісі. Яғни, бұл байланыс түрі. Интернетке ұқсас, тек мекемелерге арналған.