Е-ӨТІНІШ ақпараттық жүйесінде әкімшілік орган қызметкерлер жұмысына қатысты және Е-ӨТІНІШ-ке арнайы жасалған ТЕЛЕГРАМ БОТ-қа арналған веб-сайт
Мемлекеттік мекемеге, ауылдық округке, мектепке, ауруханаға, аппаратқа, бөлімге, басқармаға, комитетке және тағы басқа мекемеге түскен өтініштерді тіркеу, қадағалау, орындау.
Е-Өтініш (Е-Обращение) – Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы. Осы платформада ыңғайлы жұмыс істеуге арналған құрал жасап шығардық. Ол құрал – телеграм мессенджеріндегі бот.
Ботқа қатысты барлық мәліметтерді Е-ӨТІНІШ БОТЫ – айдарынан біле аласыз.
Телеграм бот пәрмендері (командалары) – бот қолданушыларына арналған пәрмендер тізімі.
Е-Өтініш чаты – Е-Өтініш ботына арнайы арналған телеграмдағы чат. Телеграм ботқа, Е-Өтініш жүйесіне қатысты кез-келген сұрақтарға жауапты таба алатын топ чаты (топта әкімгерлер жауап беруі міндетті емес).
Қосымша барлық Е-Өтініш жүйесінде кездесетін проблемалар, сұрақтар және шешімдері СҰРАҚ-ЖАУАП айдарына шығарылатын болады. Айдар әрдайым жаңартылып отырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өзіңіздің мекемеңізде сандық көмекші керек болса мына телеграмға жазуыңызға болады. @eotinishhelp
Бот коммерциялық жоба болғандықтан бағалары бойынша мына мақала оқыңыз.