Е-Өтініш ботының 2.0 нұсқасы

Апр 29, 2022 #телеграм бот

Сәлеметсіздер ме, ассалаумағалейкум, әріптестер!!! Жақсы жаңалығым бар. Өтініштерді бақылайтын Телеграм бот көмекші құралы 2.0 нұсқасына дейін жаңарды. Енді боттан ақпарат алу жеңілденіп, ол 3 есе тезірек жұмыс жасайтын болды. Жаңа редакцияда енгізілген жаңалықтар көп, соның кейбіреулеріне тоқталып кетсем:
1) Статистикалық маңызды мәліметтерді алу тезірек алуға қолжетімділік пайда болды, бұрынғыдай суретпен емес, мәтінмен жеткізіледі.
2) Назарға алынған өтініштер мәртебесі (статусы): Орындалудағы, қол қоюдағы, тыңдау күтілуде сияқты өтініштер мәртебесін Мәліметті алу пернесі арқылы алынады.
3) Облысқа автоматты түрде Ф2ГО (Н2МО) есебі құрастырылып, аудан әкімшілігі “ИПГО” электронкасына жіберіледі.
4) Бот мәзіріндегі Параметрлер ішінен әр пайдаланушы өзіне қатысты мәліметтерді көре алады. (Егер өзгертулер мен толықтырулар керек болса, әкімгерге @eotinishhelp телеграммен хабарласып, жіберуге болады.

‼️Назар аударыңыз!!! Егер Сіз осы боттың ескі нұсқасын қолдансаңыз немесе мүлдем қолданбаған болсаңыз, жаңа деректерді алу үшін /start бұйрағын орындағаныңыз абзал. Осы пәрменді орындау арқылы Сіз ботқа бірінші этап тіркелім жасайсыз, яғни ID номеріңіз белгілі болады. Сол арқылы ары қарай өзіңіз туралы мәліметті әкімгерга жазу арқылы толықтыра аласыз.
Телеграм бот сілтемесі @eotinishgovkzbot

Материал соңғы жаңартылған кез: 23:10 | 02.10.2022
Авторы: bot.urjar.kz

By bot.urjar.kz

@eotinishhelp.t.me телеграммен хабарға шығыңыз.

Ұқсас мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *