Парольды қалпына келтіруден (сброс пароля) кейін не істеу керек?

Қаң 11, 2024
zhana parol qoiuzhana parol qoiu

Егер Сіздің пароліңізге (eotinish.gov.kz) сброс пароля жасалса, ары қарай әрекетіңіз былай болады:

1. Е-Өтініш жүйеге кіретін жерде логин мен пароль вкладкасын басып, логин деген жерде өзіңіздің ЖСН, ал пароль деген жерде де өзіңіздің ЖСН жазып кіре аласыз.

2. Кіргеннен кейін лезде парольды өзгерту керек болады. Яғни жаңасын қою.

Ескі пароль деген жерде – Сіздің ЖСН, жаңа пароль деген жерде өзіңіз ойдан шығарған парольды жазып, Парольды қайталаңыз деген жерде сол ойдан шығарылған пароліңізді қайтадан толтырасыз.

Ескерту: Парольдың өз критериясы бар. Соған сәйкес болуы керек. 

КРИТЕРИЯСЫ: Парольдің минималды ұзындығы – 8 таңба. Латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінің, цифрлардың және кемінде бір арнайы таңбаның ! @ # $ % ^ & болуы міндетті және бұрынғы қойылған парольдерге мүлдем ұқсамауы керек.

Критерия келмеген парольда төмендегідей қате шығады. Қойып отырған жаңа парольдан мүлдем басқа пароль ойластырыңыз. Бірнеше рет талпыныстан кейін есептік жазбаңыз (учетка ) 15 минутқа бұғаттауға (блокқа) түседі. Соны да ескеріңіз.

 

Е-Өтініште критерия келмеген жаңа парольда қоюда осындай қате шығады

Есте болсын! Егер жаңа пароль ойластыра алмасаңыз, телеграм боттың көмегіне жүгіне аласыз. Сілтемесі: @eotinishgovkzbot Ботта  Есепжазба ішінде құпиясөздің жаңасын қою – /userpassnew кнопка арқылы

Материал соңғы жаңартылған кез: 18:04 | 17.04.2024
Авторы: bot.urjar.kz

By bot.urjar.kz

@eotinishhelp.t.me телеграммен хабарға шығыңыз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *